Жаңалықтар тізбегі
0

Белсенділердің қоқан-лоқысы мен екі түрлі мүдде: Жұмысшы Жетібайдағы ереуіл туралы айтып берді

Белсенділердің қоқан-лоқысы мен екі түрлі мүдде: Жұмысшы Жетібайдағы ереуіл туралы айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2024 22:03 Сурет: видеодан скриншот
Жетібайдағы ереуіл ұзаққа созылды: West Oil Softwar компаниясының наразы жүргізушілерінің орнына Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтары жұмысқа орналасуға дайын екенін мәлімдеп жатыр. Қазір жүзден астам қызметкер жұмыс орнына оралды.

Олардың бірі Lada.kz-ке сұхбат беріп, атын атамауын өтінген. Сұхбат барысында ол Жетібайдағы ереуілден неліктен бас тартқанын айтты. Сұхбат берушінің айтуынша, қазір наразылыққа шығудан бас тартқандар қысымға ұшырап отыр. Сол себепті ол атын атамауды қайта-қайта өтініп, болып жатқан жағдай туралы айтуға келісті.

"Иә, шүкір, әрине, риза. Әсіресе балалар жағы. Елу күннен артық тұрдым. Ештеңе шешілмеді. Адамдарды сол жерде алдап, әлденені жасырғандай көрінді. Содан кейін ешкімді тыңдамай жұмысқа шықтым. Ол жерде белсенділер бар, күнде бір өтірігімен бәрін тойдырып жүреді", - деді West Oil жұмысшысы.

"Белсенділер қаншау?" деген сұраққа жұмысшы "Нақты пәлен адам деп айта алмаймын. Жобамен 10 шақты адам бар" деп жауап бедрі.

"Қазір жобамен 110 адам жұмысқа шықты, одан басқа үйінде отырып, жұмысқа келмей отырған адамдар бар. Ол жерде қанша адам бар екенін нақты тап басып айта алмаймын. Жобалап айтсам, 150-200 адам бар болуы керек. Негізінен олар 14 қарашада шығатынымызды айтты. Бірақ біз 11 желтоқсаннан бастап алаңда тұрдық. Ол жағын өзім қатты білмеймін. Бірге жұмыс істеген соң көппен бірге біз де қалмай шықтық. Иә, көпшілікпен бірге сол жерде тұрдым. Өтіріктің көп болғаны сонша, ең соңында жұмысқа қайта шығудан басқа жол жоғын түсіндім. Солай істегенде ғана бәрі дұрыс боларын ұқтым. Әлі күнге дейін көпшілігі сол жерде. Адамдарды алдап алаңда ұстап отыр. Енді, сенетіндер бар... Лада: Сонда не деп айтады? Неліктен көпшілік оларға сенеді? West Oil жұмысшысы: Енді, сенгенде олар... Бүгін 23 ақпан болса, 1 наурызға дейін бәрі шешіледі. Күтейік, Аз ғана қалды, анау-мынау дейді. Қысқасы, алдай береді", - деді жұмысшы.

Лада: Сонда не мәселе шешілуі керек? Барлығын "ҚазМұнайГазға" ауыстырады деп пе?

"Иә, олар бәрімізді "ҚазМұнайГазға" алады. Яғни, "Маңғыстаумұнайгаздың" транспорттық компаниясы боламыз дейді. Қалай айтылатын еді? ОТК - сол жаққа бәрімізді алады дегенді айтады. Тыңдай берсең басың айналады. Белсенділердің нақты қандай ойда екенін айта алмаймын (күрсінді). Бұған дейін бір компания болатыны туралы қаңқу тарады. Альянс деді ме екен... Олар West Oil компаниясының орнын басып, әлгі белсенділер сол жердегі басшылық қызметтен үмітті болды", - деді West Oil жұмысшысы.

Лада: Сонда белсенділер басшылық қызметті алып, өзгелері орынбасары боламыз деген ойда жүрді ме? Солай ма?

West Oil жұмысшысы: Иә, біреуі директор, екіншісі орынбасары болады. Жалпы, ондағы мақсаттар басқаша еді.

Лада: Сіздер ереуілге шыққан кезде көпшілігіңіз тікелей эфирде болдыңыздар, бейне хабарламалар жазып жаттыңыздар. БАҚ-пен тығыз байланыста болдыңыз. Мұның бәрін кім ұйымдастырды? Белсенділер ме?

West Oil жұмысшысы: Ол жерде тек 7-8 белсенді емес. Олардың командасы бар. Біз білмейтін адамдар. Мен бейнеүндеулердің мәтіндерін кім жазатынын нақты білмеймін, бірақ ереуілшілер ішінде мұндай сөздерді жазатын сауатты адамдар жоқ. Білмеймін, бірақ қандай да бір күш бар сияқты. Мәтіндерді біреу жазып жібереді, олар жай ғана оқып отырады. Ол жерде белсенділердің барлығы түрлі Күштердің қолдауына ие сияқты.

Компания қызметкері бұдан былай қатысқысы келмейтін жағдайды бандитизм деп атады.

2024 жылдың 14 ақпанында "ҚазМұнайГаз" АҚ "Westoil Software" ЖШС қызметкерлерінің ұзақ уақытқа созылған заңсыз ереуілі Қазақстан экономикасына зиян келтіріп жатқанын мәлімдеді. Компанияның мәліметінше, 2024 жылдың 14 ақпанындағы жағдай бойынша шығын миллиард теңгеге жуық болған.

21 ақпанда "Westoil Software" ЖШС басшылығы заңсыз ереуілге қатысушыларға үндеу жариялады. Компания егер қызметкерлер белгіленген мерзімде жұмысқа келмесе, олар заңға сәйкес заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығымен еңбек шартын бұзуға және Қарақиян және басқа да жұмысқа орналасу үшін кезекте тұрған азаматтарды жұмысқа тартуға мәжбүр болатынын мәлімдеді. 

Артынша интернетте Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындарының "Westoil Software" компаниясының жұмыстан шығарылған қызметкерлерінің орнына жұмысқа орналастыруды талап еткен бейне үндеу тарады.

23 ақпанда 100-ден астам адам жұмысқа шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: