Қызылорда облысында киік ұшасын сақтаған тұрғын ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2024 19:17 Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын сақтап, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келген 50 жастағы облыс тұрғыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.


Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: