Қызылорда облысында киік мүйізін тасымалдаған тұрғын ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 11:15 Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысы ПД Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері "Браконьер" рейдтік іс-шара барысында жеңіл автокөлікпен киік жануарының мүйіздерін заңсыз тасымалдаған аудан тұрғынын құрықтады.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған 34 киік мүйізі табылды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: