Жаңалықтар тізбегі
0

Досбол Бекмағамбетов экология вице-министрі қызметінен босатылды

Досбол Бекмағамбетов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2024 19:50 Сурет: primeminister.kz
Досбол Бекмағамбетов Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Экология министрлігі хабарлады.

Ол бұл қызметке 2023 жылғы 27 ақпанда тағайындалған еді.

Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті Еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастады.

2007-2008 жылдары Қарағанды қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспектордың бас маманы қызметін атқарды.

2008-2012 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданының экология инспекторының бас маман-уәкілі болды.

2012-2016 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы; болып жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары; басшысы қызметін атқарды.

2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: