Жаңалықтар тізбегі
0

Досбол Бекмағамбетов Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Жаңа вице министр тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 17:45 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бекмағамбетов Досбол Боташұлы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін, Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.

Ол өзінің мансабын 2007 жылы Қарағанды ​​облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарушы болып бастаған. 

2007-2008 жж - Қарағанды ​​қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспекторының маманы.

2008-2012 - бас маман – Қарағанды ​​облысы Нұра ауданының экология жөніндегі уәкілетті инспекторы.

2012-2016 - Қарағанды ​​облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жж - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы.

2017-2019 - су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау департаментінің бас маманы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары.

2019-2021 - басшының орынбасары; Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының басшысы.

2021 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: