Қазақстандықтар жаңа мектеп оқулықтарының сапасына әсер ете алады

Қазақстандықтар жаңа мектеп оқулықтарының сапасына әсер ете алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 11:13 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 27 ақпанында ҚР Білім министрлігі азаматтардың жаңа мектеп оқулықтарын талқылауға қатысып, олардың сапасын бағалай алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Білім министрлігінің Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан түсіндіргендей, 12 ақпаннан бастап жаңадан әзірленген оқулықтарды қоғамдық талқылаулар өтіп жатыр.

Тalkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері сындарлы пікірлерін білдіре алады.

Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:

  • 3-сынып үшін "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Орыс тілі" (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);
  • 3,9-11 сыныптар үшін "Неміс тілі";
  • 5-9 сыныптарға арналған "Жаһандық құзыреттілік" оқулықтары қағаз нұсқада;
  • 3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность" пәні бойынша электронды оқулықтар.

Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды. Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет: веб-порталда тіркелу, оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу және "түсініктеме қосу" тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді жаза аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: