Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды

Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 14:07 Сурет: pixabay
Зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.

Қаскөй сатып алушы ретінде келіп, бағалы бұйымдарды білдірмей ұрлап, "ізін суытқан". Тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданды.

Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, ұрының жеке басын анықтады. Ол бұрын-сонды ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Алматы тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жерінен ұстады. Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгергені белгілі болды.

Қазіргі таңда әйел қамауда. Құқық қорғаушылар оның басқа да ұқсас жайттарға қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өтті.

Полиция қызметкерлері бағалы заттардың ұрланбауы үшін аса қырағы болу және оларды мүмкіндігінше ұрылардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау қажеттігін еске салады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: