Синоптиктер 28 ақпанда елдің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады

тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 20:03 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 ақпанда елдің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысында батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: