Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жаңа айыппұлдар пайда болады

Қазақстанда жаңа айыппұлдар пайда болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2024 11:41 Сурет: primeminister.kz
28 ақпанда палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Нұртай Сабильянов "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе өзгерістермен таныстырды.

"Заң жобасы шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу мен пайдалануды құқықтық реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сондай-ақ, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін көлік құралының рұқсат етілген жылдамдығын айтарлықтай асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылады", - деді ол.

2023 жылдың 30 тамызында Қазақстанда "Жол қозғалысы туралы" заңға электрсамокаттарын міну ережелерін қарастыратын түзетулер күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: