Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы сотталды
Сурет: freepik
Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы және кәсіпкер 1,2 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынған.
1,2 млрд теңгеден астам көлемде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.
2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript