Шымкентте атыс болды
Сурет: видео скрині
Шымкентте Жібек жолы көшесі бойындағы "Люкс" моншасының алдында атыс болды. Оқиға кеше, 27 ақпанда кешкі сағат 8-ден шамасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнынан атыс қаруының гильзалары табылған. Болжам бойынша оқ травматикалық тапаншадан атылған.
Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript