Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде есірткі сатушылардан құны 20 млн теңге болатын "синтетика" тәркіленді

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.02.2024 12:11 Сурет: ҚР ІІМ
Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері екі ұсталғанның тұрғынжайын тінту кезінде салмағы 500 грамнан асатын "мефедрон" психотроптық затын тауып, тәркіледі.

Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын телефондар тәркіленді. Есірткі тұтынуға арналған 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді, олардың "қара" нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: