Жетісу облысында полиция танысынан ақша бопсалаған күдіктіні қолға түсірді

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.02.2024 18:25 Сурет: ktf.kz
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің полицейлері танысынан ақша бопсалады деген күдікке ілінген жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті өзінің танысынан 400 мың теңге бопсалаған.


"Тексеру барысында ол жәбірленушіден түрлі сомадағы ақша талап еткені анықталған. Кейіннен күдікті соманы көбейте бастаған. Ақша беруден бас тартқан жәбірленушіге дене жарақатын келтіремін деп қорқытқан", - деді облыс ПД ҰҚҚКБ-ның бастығы Рүстем Мерқұлов.

Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: