Қазақстандықтар Үндістанда қалып қойды

FlyArystan, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.02.2024 21:54 Сурет: Zakon.kz
FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары Мумбайдан Алматыға ұша алмай қалды. Оқиғаның себебін Zakon.kz біліп көрді.

Қазақстандық Telegram-каналдардың бірінде ұшақтың кешігіп, бұған жолаушылардың шағымданып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

FlyArystan хабарлауынша, KC7858 Мумбай-Алматы рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалды.

"Ұшақ 2024 жылғы 1 наурызда сағат 03:30-да ұшуы мүмкін. Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларды қонақүйге орналастырды". FlyArystan баспасөз қызметі

Сондай-ақ жолаушыларға қонақүйде ыстық тамақ беріледі.

Сонымен қатар, әуе компаниясы аяқ асты болған өзгерістер үшін кешірім сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: