Жолаушылар Ақтөбеден Астанаға ұша алмай отыр: FlyArystan түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде 17 ақпанда FlyArystan әуе компаниясының борт жолаушылары 19 сағат бойы Ақтөбеден Астанаға ұшып шыға алмай әуежайда отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Авиа компания аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"2025 жылғы 17 ақпанда Ақтөбе — Астана бағытында қатынайтын FS7394 рейсі техникалық себептерге байланысты кешіктірілуде. Аталған рейстің жолаушыларына сусындар, тамақ және қонақүйден орын ұсынылды. Сондай-ақ жолаушыларға өзге рейске билетті тегін қайта брондау немесе қаражатты толық қайтару қолжетімді", - деді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта авиакомпания қызметкерлері мәселені тезірек шешу үшін бар күш-жігерін салып жатқаны хабарланды.
"FlyArystan брондау кезінде What' sApp, SMS хабарламалар немесе электрондық поштаға хаттар жолдау арқылы жолаушыларды хабардар етеді", – деп қорытындылайды компания.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript