Жаңа ипотекалық бағдарламаға өтініш қабылдау басталды
Сурет: pixabay
Бүгін 2024 жылдың 1 наурызында "Отау" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды.
Бағдарлама аясында 9 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға қарыз алуға болады. Алғашқы жарна баспана құнының 20 пайызынан кем болмауы тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.
Ипотекалық "Отау" бағдарламасына 18 бен 63 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.
Оларға қойылатын талап, "Отбасы банкте" 1 млн теңге көлемінде депозиті болуы керек.
Сондай-ақ соңғы бес жылда атында үй болмауы міндетті. Өтініш қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript