Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан халқы бір айда 20 119 адамға өскен

Қазақстан халқының саны, демография, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2024 17:24 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейінгі аралықты қамтитын адам саны өсіміне қатысты қызықты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ондағы есепке сәйкес, 1 қаңтарда Қазақстанда 20 033 546 адам өмір сүреді деп көрсетілсе, бір ай ішінде ел халқының саны 20 119 адамға өскен. Қазір 2024 жылдың 1 ақпанындағы есеп бойынша елімізде 20 053 665 адам бар.

Халқымыздың көп бөлігі мына өңірлерде тұрады:

  • Алматы (2 234 963 адам);
  • Түркістан облысы (2 142 058 адам);
  • Алматы облысы (1 532 985 адам).
Демографиялық көрсеткіш, Қазақстан халқының саны, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2024 17:24

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Сондай-ақ, Қазақстан қалаларында 12 473 658 адам тұрады. Ал ауылдық жерлерде тұратындар саны -7 580 007.

2023 жылдың соңында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары өздері әзірлеген демографиялық болжаммен бөлісті. Ондағы деректер бойынша, 2050 жылға қарай республика халқы шамамен 27,5 млн адамды құрайды деп күтіледі, олардың үштен екісі мегаполистер мен оңтүстік өңірлерде тұратын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: