Павлодардағы сауда үйінде батут өртенді

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментіне Мәметова көшесі, 11 мекенжайындағы сауда үйінің 2-қабатында батут өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам мен 2 техника дереу жетті.
Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері келген кезде 2-қабатта түтін шыққаны анықталды.
Сауда үйінде адам болған жоқ. 09-12 өрт толығымен сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз