4 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түседі деп болжанады

Ауа райы болжамы, 4 наурыз 2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2024 16:39 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 4 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарының болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде, еліміздің батысы мен оңтүстік-батысынан тыс өңірлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді деп күтіледі.

"Антициклон салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында құрғақ, тымық ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады деп күтіледі. Жалпы Қазақстан бойынша тұман жиі байқалады". "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін 3-5 наурыз аралығында елордада және екі мегаполисте ауа райы қандай болатынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: