Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады

Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 09:35 Сурет: Zakon.kz
Алматыда қала тұрғындарының мобилділігін арттыру мақсатында көше-жол желісін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық мобилділік басқармасы ішкі магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстарының барысы жайлы хабарлады.

Бүгінде Төле би көшесін Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту бойынша жер телімдерін сатып алуға байланысты жол-құрылыс жұмыстары және инженерлік желілерді қайта құру жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 4,5 км жоба екі учаскеге бөлінген. Жұмыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

Биыл ұзындығы 4,3 км болатын Хмельницкий көшесін "Қайрат" шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін ұзарту және Райымбек даңғылын Жетісу көшесінен Талғар тас жолына дейін ұзартып салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл ұзындығы 0,6 км болатын Мұқанов көшесін Райымбек даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін ұзарту жұмыстары басталады. Осы аумақтар бойынша жобалық құжаттама әзірленіп, сараптамада жатыр.

Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 09:35

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жер телімінің алынуына қарай Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 3,9 км болатын 2 кезек қарастырылған. Аяқталу мерзімі - 2026 жылдың соңына дейін.

Бұған қоса, биыл ұзындығы 0,3 км болатын Оңғарсынова көшесін Райымбек даңғылына дейін ұзару жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басқарма осы жылдың соңында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық ашудың жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Биылғы жылдың 3-тоқсанында Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысында жолайырықты пайдалануға беру көзделген. Сонымен бірге, жыл соңына дейін Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: