Жер сілкінісінен кейін Арбатқа жүздеген адам шықты

Жерсілкінісінен кейін адамдар Арбатқа шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 12:01 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 4 наурызында таңертең қатты жерасты дүмпулерін сезінген алматылықтар үйлері мен жұмыс орындарын тастап кетті. Оқиға куәгері Zakon.kz сайтына қала тұрғындары мен қонақтарының қаланың танымал көшелерінің бірін қалай толтырғаны туралы видео бөлісті.

Сонымен қатар, ірі бизнес орталықтарының маңында да халық көптеп жиналып жатқаны байқалады.

Сурет: Zakon.kz

Алматыда болған жер сілкінісінің ошағы қаладан небәрі 31 шақырым жерде болған.

Қалада жер сілкінісі сағат 11:22-де тіркелді.

Сурет: Zakon.kz

Қала әкімдігі де Ерболат Досаевтың жедел штабта жұмыс істеп жатқанын, онда алдағы іс-шаралар жоспары талқыланып жатқанын хабарлады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: