Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 16:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: