Алматыда жер сілкінісі салдарынан бір адам зардап шеккені белгілі болды

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 18:00 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 4 наурызда болған күшті жер сілкінісінен бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, оның нақты қалай зардап шеккені туралы мәліметтер анықталып жатыр.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 18 жастағы қала тұрғынына Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажетті көмек көрсетілген.

4 наурызда Алматыда тағы да күшті жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары сағат 11:22-де күші 5 балл болатын күшті жерасты дүмпуін сезді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: