Жаңалықтар тізбегі
0

Жер сілкінісі кезіндегі қорқынышқа бой алдырмау мүмкін бе

Жер сілкінісі кезіндегі қорқынышқа бой алдырмау мүмкін бе , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2024 16:15 Сурет: pxhere
23 қаңтар күні Алматыда болған жер сілкінісінен 67 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Үш адам тұрғын үйлердің 2,3 қабаттарынан секіріп кеткендіктен жарақат алды", - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Тағы біраз адам үйден қашпақ болып жарақаттанған. Азаматтар жер сілкінісінен емес, қорқыныш себебінен зардап шеккені белгілі болып отыр.

Жер сілкінісі кезінде қорқынышқа бой алдырған адамдар өмірлеріне қауіпті әрекеттерге барады. Әсіресе адам көп шоғырланған жерлерде: мектепте, кинотеатрда, жатақханада, т.б. қорқыныш өте қауіпті. Бұндай уақыттарда қорқынышқа бой алдырмау үшін алдын ала әрекетті ойластырған абзал.

Жер сілкінісі адам денсаулығына қалай әсер етеді

"Жер сілкінісі кезіндегі шу қорқыныш тудырады. Психологиялық қолайсыздық тудырып, соның әсерінен денсаулыққа зиян келеді. Стресс салдарынан көптеген ауру пайда болады", - дейді терапевт Ринат Қонаев.

Сондықтан дәрігерлердің сөзінше жер сілкінісі кезінде сабырлық таныту керек. Алайда айту оңай, істеу қиын.

Корпоративті психолог Виктор Степанов стрестің табиғаты туралы айтты. Кез келген түсініксіз ситуация күйзеліс тудырады.

"Негативті ойлау адамзатқа өмір сүруге, қауіпке реакция танытуға, мысалы, жабайы аңдардан қорғануға көмектесті. Пессимистер көбірек тірі қалатын", - дейді психолог.

Сондықтан адам ойына бірден жаман нәрсе түседі. Бұл – қалыпты жайт. Біздің жүйкемізде мазасыздық пен күйзеліске қарсы қорғаныс көп.

"Алайда күйзелістің басқа түріне көмектесетін кеңестер табиғи апаттары кезінде алатын күйзеліс барысында көмектеспейді", - дейді психолог Виктория Левина.

Қорқыныш пен сенім

Ғаламторда: "Жер сілкінісінен соң атеистер қалмаған сияқты" деген пікірлер көп. Дінге сенетін адамдар бұндай жағдайда дұға көмектесетінін айтады.

Ислам бойынша жер сілкінісі сияқты табиғат апаттары Құдайдың бұйрығы болып саналады. Бұндай апаттар мұсылмандарды Құдайдың алдындағы әлсіз құл екенін мойындауға әкеледі.

"Адамның ішкі тұрақтылығы діни нанымына байланысты емес, өйткені діндар адамның өзі сабырсызданып кетуі мүмкін. Бұл жерде көп нәрсе адамның психоэмоционалды жағдайына және мінез типіне байланысты. Мысалы, сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик деген төрт тип бар. Терезеден істерін істеп барып ойланатын сангвиниктер секіріп кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жерде қандай да бір діни кеңес беру өте қиын. Бұл жерде адамға психологиялық көмек көбірек керек. Шіркеуде ұзақ жылдар бойы жүрсе де, психологиялық тұрғыдан тұрақсыз адамдарды білемін", - дейді Алматыдағы Вознесендік кафедралды собордың ключары Александр Суворов.

Психолог Виктория Левинаның сөзінше, жер сілкінісі кезінде сау адам ретінде ойлану керек. Бір адамдар нұсқаулыққа сай көшеге шығады, жол сөмкелері де дайын. Ал кейбір адамдар не істерін, қайда барарын білмей шарасыз күйде қалады. Үшінші топтағы адамдардың жүйкесі қорқынышқа бой алдырып, қауіптен құтылмақ болып терезеден секіріп кетеді. Адам күйзеліс кезінде рептильді миы іске қосылады, ол әлдебір әрекетті таңдайды.

Рептильді ми - миымыздың ең көне бөлігі. Тамақ, өмір үшін күрес, қашу, көбею секілді әрекеттерге жауап береді.

"Қалай дегенде де табиғаттың алдында шарасыз екенімізді сезінеміз. "Қаш," "Өл", "Қорған" деген үш түрлі форма бар. Психика осылай жұмыс істейді", - дейді психолог.

Шұғыл жағдайларға қалай дайын боламыз

Маманның сөзінше, нақты бір кеңес жоқ, өйткені әр адамның миы әртүрлі.

Сондай-ақ психолог бұндай кездерде тек ресми ақпараттарға сену керектігін айтады.

"Бұл жолы Қазақстан фейк ақпаратқа тап болды. Бұндай фейктер ағынын құқық қорғау органдары бақылауы керек, ал провокаторлар бұндай дезинформацияларға жауапкершілік алуы тиіс", - деп түйіндеді сөзін психотерапевт Виктория Левина.

Наталья Бойко, Мейіргүл Оңғарова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: