Алматы құрылыс басқармасы жер сілкінісінен кейін ғимараттарда пайда болған сызатқа қатысты түсінік берді
Сурет: freepik
Алматыда жер сілкінісінен кейін бірқатар білім нысанының қабырғасына сызат түскені байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz қала құрылысы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, негізінен бұл зақымдану әрлеу материалдарына қатысты, салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді.
"ТЖД, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады". Қала құрылысы басқармасының баспасөз қызметі
Жедел штаб қалада ғимараттар айтарлықтай зақымданбағанын хабарлады. Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript