Жер сілкінісі болған жағдайда Алматыны қалпына келтіруге қандай қаражат жұмсалады
Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 5 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Алматыда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда үкіметте қаражат қоры бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ҰЭМ басшысы 4 наурызда болған күшті жер сілкінісінен кейінгі қаладағы жағдай үкіметтің бақылауында екенін атап өтті.
"Бізде резерв бар және ол жыл сайын қалыптасады. Ең алдымен, ол техногендік апаттар мен орын алуы мүмкін басқа да апаттардың салдарын жоюға жұмсалады. Бірақ Алматыда бұлай болмайды деп сенеміз", - деді Нұрлан Байбазаров.
Оның айтуынша, қазір әкімдік залалдың қай жерде болғанына тексеру жүргізіп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде республикалық бюджеттен көмек қажет болса, ғимараттарды қалпына келтіруге үкіметтік резервтен тиісті көмек көрсетіледі.
"Алматы – республикалық бюджеттің доноры, еліміздің қаржы орталығы. Қазір Алматының құнын бағалау қиын, бірақ, әрине, қала еліміздің елеулі байлығы", - деп қосты Нұрлан Байбазаров.
2024 жылдың 4 наурызында Алматыда тағы бір күшті жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары сағат 11:22-де магнитудасы 5 болатын күшті жерасты дүмпулерін сезінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript