Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда алимент бойынша борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қарағанды прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 12:13 Сурет: pixabay
Қарағанды облысында 27 925 кәмелетке толмаған балаға алимент өндіріп алу бойынша 20 мыңнан астам құжат орындалуда.

Өткен жылдан бері қасақана алимент төлемегендер прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда және бұл шара борышкерлерге қатысты оң әсерін тигізуде.

Әдетте, қылмыстық істі тергеу сатысында борышкерлер алимент бойынша берешекті толығымен өтеп, іс тараптардың татуласуына байланысты  тоқтатылады.

2023 жылдан бері 102 қылмыстық істің 60-ы тараптардың татуласуы мен қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды.

36 қасақана борышкерлерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды.

Мысалы, кәмелетке толмаған бала – Ш-ның әкесі ұлын асырауға қаражат төлеу міндетін атқармаған және оның 3 миллион теңгеден астам сомасындағы  қарызы болған.


"Шахтинск қаласы прокуратурасының актісі негізінде полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады." Қарағанды облысының прокуратурасы

Сот үкімімен борышкер пробациялық бақылау белгілеумен және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеуге сотталды.

Енді борышкер әке қарызды өтеумен қатар 100 сағат жұмыс істеуі керек.

Жалпы, бүгінгі таңда прокурорлық ден қою шараларымен 4 миллион теңгеден астам сома құрайтын алимент қарыздары өтелді.

Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда.

Облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу бойынша  міндеттер орындалмағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық (ҚК-нің 139-бабы) жауапкершілік туындайтынына аударады.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: