Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жер сілкінісі кезінде бүлінген ғимараттар тексеріліп жатыр

Алматы, жер сілкінісі, ғимараттар, тексеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 20:12 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қала тұрғындары бүлінген үйлері мен ғимараттардың видеосын әлеуметтік желіге жүктеп әлек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қабырғасына сызат түскен нысандардың арасында Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры да бар. "Нысанды күрделі техникалық тексерістен өткізу керек. Қала әкімдігі бұл мәселені дереу қолға алмаса, ғимарат қуатты дүмпуге шыдас бермеуі мүмкін", – дейді өнер ұжымының басшылығы. Бұл - түпкі бөлме мен ас бөлме қабырғасының әрі түсіп, сызат пайда болған "Орбита-3" ықшам ауданындағы 11-ші үйдің, төртінші қабатындағы пәтер, деп хабарлайды 24kz.

Көпқабатты үй 1970 жылы салыныпты. Тұрғындардың айтуынша, содан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Инженерлік жүйелері де жаңартылмаған. Ал зілзаладан кейін кіреберістегі қабырға ажыраған. Қабырғадағы жырық кеңейіп кеткендіктен, ішкі есік не ашылмайды, не жабылмай қалды. Кешегі дүмпуден кейін еденде де сызат пайда болды. Тұрғындар бетонның жертөлеге түсіп кетуінен қауіптенеді.

Ал Сәтбаев көшесіндегі 18-ші үйдің шатырымен өтетін су құбыры жарылды. Су төртінші қабаттағы пәтерге аққан. Пәтер иесі апаттық құтқару қызметін шақырады. Мамандар суды тоқтатқан соң бүлінген құбырды дәнекерлеу жұмысы басталды.

Жер сілкінісінен мәдени нысандар да зардап шекті. Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жағдайы жан жүдетерлік десек артық айтпаспыз. 1980 жылы салынған ғимараттың қабырғалары бүлініп жатыр. Зілзала кезінде адамдарға қорған болады деген қабырғалардың өзіне сызат түсті. Төменгі қабаттағы жағдай да мәз емес. Ескі құбырдан су тамшылайды. Нысанға күрделі сараптамалық зерттеу жасау керек. Жалпы кешегі жер сілкінісінен мектеп пен балабақша, студенттер жатақханалары да бүлінген. Қазір әр ауданда нысандардың зақымдануын анықтайтын жұмыс топтары құрылған.

"Сол қорытындының нәтижесінде қайсысы қауіпті, қауіпті еместігі туралы анықталады. Сосын барып ол әлеуметтік ғимараттар болса, мемлекеттік бюджеттің есебінен қаражат бөлінеді. Ал жеке сектордағы ғимараттар болса, қосымша тағы сараптаманың нәтижесі арқылы қорытынды бере аламыз". Қалалық урбанистика және жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Сембаев

Бүлінген нысанның нақты саны әзірге белгісіз. Урбанистика басқармасының дерегінше, зақымданған ғимараттардың тірек конструкциялары бұзылмапты. Тек сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты материалдары ажырап түскен.

Айта кетсек, бұған дейін 23 қаңтарда болған жер сілкінісі салдарынан 200-ге жуық ғимаратқа нұқсан келген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: