Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада жаңа перинаталдық бөлім ашылды

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 13:00 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мереке қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы көпбейінді облыстық аурухана базасында 70 орындық перинаталдық бөлімнің ашылу рәсімі өтті.

Бұл игілікті қадам арқылы сырбойылық аналардың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарға жаңа серпін берілмек.

"Бұған дейін Қызылордада босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсететін жалғыз медициналық ұйым – облыстық перинаталдық орталық ғана болған. Жаңадан ашылған бөлім перинаталдық орталықтың жүктемесін азайтады, түрлі сырқаты бар жас аналарға, жүкті әйелдерге көмек көрсетеді. Бөлімді ашуға, оны қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етуге бюджеттен 1 млрд теңге қаржы жұмсалды. Бұл – өңірдегі қолға алынған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Әрине, мұның барлығы аймақ халқының бекем бірлігі мен тату тірлігінің арқасында жасалып жатыр. Алдағы уақытта ел игілігі жолындағы мақсатты жұмыстарды өздеріңізбен бірге жүйелі түрде, үздіксіз жүргізе береміз. Бүгін іске қосылатын МРТ аппараты және 70 орындық перинаталдық бөлім халық денсаулығын жақсартып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыра түседі деп сенеміз", - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 13:00

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шарада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тұрғанбай Маханов әріптестерін құттықтап, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, жаңа МРТ аппаратын іске қосуға және перинаталдық бөлімнің ашылуына үлес қосқан медицина қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, бүгінде Сыр өңірінде тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында жаңа нысандар көптеп бой көтеріп жатыр.

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 13:00

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасымен өңірімізде жалпы құны 11 млрд теңгені құрайтын 27 нысан салу көзделген. Өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталып, қазір 30 мыңнан астам ауыл халқына қалтқысыз қызмет көрсетіп жатыр. Қалған 11 нысан, 1 ауылдық аурухана (Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында) және Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық көпбейінді ауруханалары жанынан қосымша құрылыстар биыл салынып, ел игілігіне беріледі.

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 13:00

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласында 36 млрд 400 млн теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 2 млрд 900 млн теңгені құрайтын "Қан орталығы" Медицина қызметкерлері күні қарсаңында пайдалануға беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: