Шығыс Қазақстан облысында элеватордан өрт шықты

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2024 13:26 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шықты. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сағат 12:30-да сөндірілді.

Өрттің ауданы – 120 шаршы метр.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру поезы, ТЖД және "Васкен" ЖШС қатысты.

"Өрттің алдын ала себептері – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және технологиялық процесті бұзу".Төтенше жағдайлар министрлігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: