Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген

полиция Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Күршім ауданының полицейлері 46 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол тиісті құжаттары жоқ Иж-5 тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықпен қабанды атып өлтірген.

Оқиға орнынан құқық қорғау органдары заттай дәлелдемелер: мылтық, гильзалар және қабанның ұшасын тәркілеген. Шығын миллион теңгеден асады.

полиция

Сурет: polisia.kz

Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған баптың ең жоғарғы санкциясы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз