Жабайы қабанды атып алған Өскемен тұрғыны ұсталды
pixabay
42 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындады.
Ақпан айының соңында Алтай аудандық полиция бөліміне Ермаковка ауылының маңында көлікпен адамдар жүргенін көргені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өтініш беруші бұл ауданда заңсыз аң аулау жүргізіліп жатуы мүмкін деп пайымдады.
Аталған орынға келген полицейлер Ермаковка ауылынан жабайы қабанның еті мен жануардың тұяғын, сондай-ақ 7,65 калибрлі "Сайга" карабинін, 14 дана 7,62*39 калибрлі патрондарды тапты.
Жедел тергеу тобының қызметкерлерімен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғыны жеткізілді, ол өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript