Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы әскери институтта көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

Құттықтау шарасы, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2024 17:13 Сурет: Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында көп балалы аналар мен әскери қызметші әйелдерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған институтта 161 әйел, оның ішінде 82 әскери қызметші жұмыс істейді. Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шараға отбасылары көпбалалы санатқа жататын әскери қызметшілердің әйелдері де шақырылды.

Әйелдерге арнаған құттықтау сөзінде институт бастығы полковник Қайрат Даутов әскери қызметшілер үшін қызметтік міндеттерін табысты орындауда берік тылдың маңыздылығын атап өтті. 

"Әскери қызметшілердің әйелдері отбасының әл-ауқатына елеулі үлес қосып, отбасындағы жайлылық пен ошақтың жылуын сақтайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз нағыз қаһармансыздар. Өйткені сіздер ең күрделі, әрі асыл миссияны орындап жүрсіздер", – деді полковник Қайрат Даутов.

Институт клубында жалғасқан салтанатты жиналыста марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Әйелдер үшін концерттік бағдарлама дайындалды. 

Іс-шара отбасылық мәселелермен қатар әскери ұжымның өміріне баға жетпес үлес қосатын әйелдердің еңбегін бағалаудың жарқын көрінісі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: