"Жаңбыр жауып, қар ериді": 10 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылордада да тұман болады деп болжанады.
Семейде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте де аракідік жауын-шашын болады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.
Өскеменде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Орал қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Павлодар облысында түнде жауын-шашын, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні - 25 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі. Кей тұста соққан желдің екпіні - 23 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде - тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран, ал өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Желдің екпіні - 25 м/с.
9-10 наурыз аралығында күндіз ауа температурасы жоғарылауы мүмкін екені болжанады, сондай-ақ қардың қарқынды еруіне байланысты Ақтөбе облысының Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарында қызыл су белең алуы мүмкін. Ескерту: қарқынды қарқынды еруі салдарынан Мұғалжар және Шалқар аудандарында орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыс нысандарын және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі бар.