Қазақстанның үш облысында жол жабылды

жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2024 09:10 Сурет: unsplash
10 наурыз, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар төрт автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 шақырым 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

  • "Қызылорда-Павлодар" - Ұлытау обл.шек-Топар к. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

  • "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ.  (автокөліктің барлық түрі үшін)

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 шақырым болатын 2 автожол (нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ):   

  • "Жезқазған-Петропавл" - Жезді а-Қостанай обл.шек. 
  • "Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: