Асу Алмабаев UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараны жеңді

Асу Алмабаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2024 11:10 Сурет: видео скрині
Майамиде өтіп жатқан UFC 299 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев бірауыздан қабылданған шешіммен америкалық Си Джей Вергараны жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Кездесу бірауыздан қабылданған шешіммен Алмабаевтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, 30 жастағы Асу Алмабаев кәсіби ММА карьерасындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, Си Джей Вергара бесінші рет жеңілісіп отыр.

Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті: ол промоушендегі бірінші жекпе-жегін 2023 жылы тамызда өткізді – екінші раундта америкалық Оди Осборнды жеңді (12-6).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: