Бір тәулік бойы ұйықтамаған: Атырауда облысында жүргізуші жол апатынан қаза тапты

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2024 17:12 Сурет: видео скрині
Атырау облысында 24 сағат бойы демалмай, көлік айдаған жүргізуші жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады Zakon.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 9 наурыз күні сағат 07:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолының 74-шақырымында "ГАЗель" мен "КамАЗ" соқтығысты.

Апат салдарынан екі көлік өртеніп кеткен. 24 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

"Кибер-Шериф" құрылғысының көмегімен "ГАЗель" жүргізушісі Маңғыстау облысынан Оралға жүк апарып, демалмастан, қайта жолға шыққаны анықталды.

Полицейлер жүргізушілерге жолға шығарда демалып, жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: