Ақтөбеде студенттерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында бопсалаумен айналысқан оқу орындарының бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбеде колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған. Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшалай қаражатты алғаннан кейін ұсталды. Адамдар тобы болып жасалған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мүндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript