Ақтөбе облысының тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысының тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2024 17:23 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау дерегі бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында Хромтау қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті жергілікті тұрғынға ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарататынын айтып, оны қорқытып, 5 млн теңге бопсалаған. Ол жәбірленушіден талап еткен ақшаның 3 млн теңгесін алып жатқан сәтінде ұсталды.

Ұсталған азаматтан полицейлер қолма-қол ақша мен телефонды тәркіледі.


ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: