Олимпиадаға іріктеу: таеквондошылар жарысты қашан бастайды

таеквондо, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 21:21 Сурет: olympic.kz
15-16 наурыз күндері Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Тайань даянгінде мына спортшылар бақ сынайды:

  • 57 келі: Мария Севостьянова;
  • +67 келі: Жансель Дениз;
  • 58 келі: Самирхон Абабакиров;
  • 80 келі: Батырхан Төлеуғали.

Федерацияның бас хатшысы Олжас Бесбаевтың айтуынша, жарысты алғаш болып Батырхан Төлеуғали бастайды. 

"Жеребе тарту рәсімі әлі өткен жоқ. Сондықтан, кімнің қарсылас боларын ресми түрде білмейміз. Бірінші жарыс күнінде Батырхан, қалған күні үш спортшымыз сынға түседі. Дайындық жақсы, мақсатымыз - Париж Олимпиадасының лицензиясы", - деді Олжас Бесбаев. 
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: