ШҚО тұрғыны балалардың көзінше итке бірнеше рет оқ жаудырған
Сурет: ШҚО тұрғындары
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 9 наурызда балалардың көзінше итті атып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еріктілердің айтуынша, балалар мылтық даусын естіп, не болып жатқанын көруге барған және бейтаныс ер адамның итке оқ атқанын көрген. Жараланған жануар шалшыққа құлап кеткен. Оның күшіктері бар болып шықты, оларға ауыл тұрғындары тамақ беріп жүрген.
Еріктілер жараланған жануарды Өскемендегі ветеринарлық клиникаға жеткізді. Олар ит тірі қалады деп болжап отыр, бірақ "артқы табаны ештеңені сезбейді".
Zakon.kz редакциясы түсінік алу үшін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
"102" арнасына Глубоковский ауданының тұрғынынан бейтаныс біреудің итті атып кеткені туралы хабар түсті. Оқиғаны көрген болуы мүмкін куәгерлерден жауап алынды. Қазіргі уақытта қылмыскерді анықтау, ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр". Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript