Алматыда 14 наурызда Көрісу күні атап өтіледі

Алматыда 14 наурызда Көрісу күні атап өтіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 09:02 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Наурыз мейрамын тойлау Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтуден басталады. Бұл күні мегаполис тұрғындары мен қонақтары Көк Төбеге жиналып, қыстан аман-есен шыққанын айтып, бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтайды.

Өкпе-ренішті артта қалдырған халық Амал мерекесінде қол алысып, төс қағыстырады, қариялардан бата сұрап, құрмет көрсетеді, жақсы тілектер айтады.

Айта кетейік, 14 наурызда Көк Төбеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 10:00-де ашық аспан астында "Көктөбедегі Амал күні" атты мерекелік концерт өтеді. Оған "Жігіттер" тобы, "Алатау серілері" тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айгүл Қосанова және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: