Шымкентте алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер сотталды
Шымкент прокуратурасының мәліметінше, оның алимент берешегі 5,4 миллион теңгеден асып, балалары іс жүзінде күнкөріссіз қалған.
Прокуратураның актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен ("Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару") қылмыстық іс қозғап, сотқа жіберді.
Сонымен қатар өткен кезеңде прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 47 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 борышкерге қатысты үкімдер шығарылды, жазалар тағайындалды, 52 млн теңгеге алимент берешегі өндірілді.
Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауптылық қарастырылғанын ескертті.