Қызылордада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 827 тұрғын анықталды

Қызылордада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 827 тұрғын анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 10:15 Сурет: pexels
Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жыл басынан бері алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 827 тұрғынды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

​Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.​

Қызылорда полицейлері арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: