Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында төрт түліктің алды төлдей бастады

Жетісу облысында төрт түліктің алды төлдей бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 16:46 Сурет: pixabay
Жетісу облысының Қаратал ауданында төрт түліктің алды төлдей бастады. Жалпы биылғы қыс өңір малшылары үшін жайсыздау болды.

Қар жылдағыдан көп түсіп, желтоқсан-қаңтар айларында аяз қысты. Десе де, шаруалар жем-шөп қорын мол дайындағандықтан, қыстан аман-есен шықты, деп жазады qazaqstan.tv.

Қараталдық Азиз Байрамов шаруашылығында түйеден басқа түліктің бәрін өсіріп, көбейтіп келеді. 150 бастай ақ бас сиыр, 1000-ға жуық қой ешкі, және 400-ден астам жылқысын биыл қыстан аман-есен алып шықты. Құмдауыт жер болғандықтан бұл жерде қар аз. Сондықтан шаруа малын ертерек жайылымға шығара бастады. Ал ұсақ малынан тәжірбие ретінде ертерек ұрықтандырып, желтоқсанда алғашқы төлін алды.

"Желтоқсанда 66 бас қозыны алдым. Жақсы қозылар. Кейін бір он күн болды. Бір партия, екінші партия көрдіңіз. Күнде 10-8 қой туып жатыр." Азиз Байрамов, шаруа қожалығының жетекшісі

Ал Бастөбе ауылдық округіне қарасты бұл шаруашылық негізінен ақ бас қызыл сиыр тұқымын асылдандырумен айналысады. Бұл малшының қорасында абыр-сабыр. Сиырлары бұзаулап, биелері құлындап мал басы өз төлі есебінен еселеніп жатыр.

Сиырлар бұзаулап жатыр. Биыл 100 басқа 87, 85 Алланың берген бұзауын аламыз деп ойлаймыз. Жылқылардың бәрі жайылымда. Кәкен Құсмолданов, шаруа қожалығының жетекшісі

Жалпы Қаратал ауданында 1200-ден астам шаруа қожалығы болса, олардың 380-і мал шаруашылығымен айналысады. Биыл олар қыстауға 47600 бас сиыр, 113 мың бас қой-ешкі, 10 мыңнан астам жылқымен кірді. Басына бас төл алуға толық негіз бар, дейді жергілікті атқарушы билік.

Былтыр күзде толық жем-шөп қорын дайындаған. Жылдан жылға ауа райының құбылмалы болғанына қарай шаруашылықтар да жылдан жылға өздерінің жем шөп қорын дайындауға ұмтылысы жоғары болып отыр. Мал басынан шығын жоқ. Қанабек Намазбаев, Қаратал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Енді бірер аптада Жетісу облысы бойынша жаппай мал төлдету науқаны басталады. Нағыз қарбалас сол кезде дейді, көктеуге көшуге дайын отырған ағайын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: