Алматыда аяқ-асты қар жауып, боран соғып, 11 балдық көлік кептелісі тіркелді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 11 балдық көлік кептелісі тіркелді. Бұған картографиялық сервис деректері куә, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, кешке, апақ-сапақта Алматыда қар жауып, қатты жел тұрып, айнала ақ түтекке оранды.
2024 жылдың 14 наурызында кешке "2ГИС" анықтамалығындағы мәліметтер бойынша жол кептелісінің көрсеткіші 11 баллды құрады.
Zakon.kz оқырмандары қарлы күнде ақырын қозғалған көлігі ішінде түсірген видеоларымен жаппай бөлісіп жатыр.
Есесіне, такси жүргізушілерінің күні оңынан туып, баға бірнеше есеге өсіп шыға келді.
Қалада сағат 16:00-ден кейін аяқ-асты қар жауа бастады. "Қазгидрометтің" болжамы бойынша қар түні бойы жауады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
