Жаңалықтар тізбегі
0

"Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ". Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 16 наурыз, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 20:20 Сурет: pixabay
16 наурызда Астана мен еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда қаласында күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, қатты жел соғады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. с Таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында аракідік қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: