Жаңалықтар тізбегі
0

Сауалнама нәтижесі: Еліміздегі әрбір төртінші адам күнделікті өмірде ұлттық киім киеді

Ұлттық киім киюге деген оң көзқарас жастар арасында байқалады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 12:01 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда 2024 жылдың 14 наурызында Наурыз мейрамының онкүндігі басталып, бесінші күні ұлттық киімдерге арналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, бұл күні еліміздің барлық аймақтарында ұлттық киімдерді кеңінен насихаттауға бағытталған түрлі шаралар өтеді.

2024 жылғы 26 ақпан мен 11 наурыз аралығында eGov mobile платформасында азаматтарға ұлттық киім киюге қатысты сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижесіне сүйенсек күнделікті өмірде ұлттық киім киюге ел тұрғындарының 80,4%-ы оң көзқараспен қарайды.

Ұлттық киім киюге деген оң көзқарас жастар арасында байқалады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 12:01

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлттық киім киюге деген қызығушылық жастар арасында көп байқалады. Мәселен, 18-29 жас аралығындағы жастардың 83,3%-ы күнделікті өмірде ұлттық киім киюді қолайлы деп санайды.

Сауалнамаға қатысқандардың 80,4%-ы ұлттық элементтері бар киімді күн сайын киюге оң көзқараспен қарайды. Бұл дегеніміз, ұлттық киім қазіргі өмір жағдайына сай келеді және азаматтар арасында сұранысқа ие.

Бұл Қазақстанның қазіргі жастары өз халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне, құндылықтары мен мәдени мұраларына көбірек араласып жатқанын көрсетеді. Ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті ұстану Қазақстандықтардың жас буыны арасында танымал трендке айналуда.

Ұлттық киім киюге деген оң көзқарас жастар арасында байқалады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 12:01

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Анықтама: сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен 104 842 адам қатысты. Оның ішінде 56% әйелдер және 44% ерлер; 69% қала тұрғындары және 31% ауыл тұрғындары; 67% қазақтар, 20% орыс және 13% басқа этностар; 30% (18-29 жастағылар), 52% (30-45 жастағылар), 15% (46-60 жастағылар), 3% (61 және одан жоғары жастағылар).

2024 жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңаша – 10 күн бойы тойланатыны бұған дейін хабарланған болатын. 10 күннің әрқайсысы белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналатыны айтылды. Сондай-ақ Наурыз мейрамының бірыңғай логотипі бекітіліп, еліміздің барлық өңірлеріне жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: