Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін "өлтіремін" деп қорқытып, көлікпен алып қашқан
Сурет: pexels
Бүгін, 19 наурызда Түркістан облысы Сайрам ауданы 102 пультіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түскен. Хабарласқан тұрғынның қызымен 2021 жылы ажырасып кеткен күйеу баласы жанжалдасып, оқиға кезінде ол пышақпен қызын қорқытып, кепілге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейін ол Шевролет автокөлігімен Батыс Қытай- Батыс Еуропа трассасына өзінің тұрғылықты жері Қызылорда облысына қарай бағыт алып, өлтіремін деп қорқытып алып кеткен.
"Күдіктінің талабы оны қудаламау мен жауапқа тартпау болды. Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, "Арлан" арнайы жасақ күшімен Асар ықшам ауданының маңында күдікті құрықталып, жәбірленуші босатылды", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.
Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Белгілі болғандай күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, 3 баласы бар, 2021 жылдан бастап олар ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған, Лудоманиямен ауырады. Күдікті қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript