Алматыда жатақханаларды жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті құрықталды
Сурет: ҚР ІІМ
Азаматтардың сеніміне кіріп, күдікті алматылықтарға ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруге уәде еткен.
Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған. Бірақ бұл "қызметтер" үшін алдымен ақы төлеу керек болды.
"Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Полиция қызметкерлері зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript